Түркістан облысы Қазығұрт ауданы Мамандандырылған «Дарын» мектеп-интернатының директоры Кұрбанбаева Клара Тілеуқызы

Өз мақаламды Абайдың 31- қара сөзінен бастағанды жөн көрдім,

Яғни: Естіген нәрсені ұмытпауға 4 түрлі себеп бар. Әуелі- көкірегі ояу берік болу керек. Екінші- сол нәрсені естігенде , я көргенде әсер алатындай ынтамен ұғу керек. Үшінші – сол нәрсені ішінен бірнеше қайталап көңілге бекіту керек. Төртінші – жаман нәрселерден аулақ болу керек.Бұл 4 нәрсе- күллі ақыл мен ғылымды тоздыратұғын нәрселер.

      Бір замандары ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынов «Мектептің жаны мұғалім. Мұғалім қандай  болса, мектебі дәл сондай» яғни мұғалім білімді болса, білген білімін басқаға үйрете біледі.Балалар ол мектептен көбірек білім алады деген ұғымды білдіреді.Бұл шындық  өйткені тарыдай болып келіп білім ұясының табалдырығын аттаған ұл мен қыздарымыз ұлағатты ұстаздың алдын көрсе, оның іргетасы мықты білім-білігі жоғары болады деген сенімдеміз.

Аяулы ұстаздардың терең білімімен мол тәжірибелері мен іскерліктерінің арқасында мектебіміз биылғы 2014-2015 оқу жылында мектебіміз үлкен жетістіктерге жетті.

1.  Республикалық ғылыми жұмыс жарыстарының облыстық кезеңінде биология пәні бойынша 11 сынып оқушысы Ерелхан Жанерке III дәрежелі дипломмен марапатталды.

2.  Оқушылардың облыстық пән олимпиядасында география пәні бойынша 11 сынып оқушысы Абдуаллы Арман III орын иегері атанды.

3. Орыс тілі пәні бойынша 11 сынып оқушысы номинация иегері атанды.

4.  «Ақбота» интеллектуалды марафонында ІІ орынды 10 сынып оқушылары Алдамжар Оразкүл, Сабыр Ақерке, 11 сынып оқушылары Дүйсенбиева Айгерім, Оспан Асқат, Егембердиева Гүлназ иеленсе, ал ІІІ орынды 8 сыныптан Кадирова Аида, Шымкентбаев Тұрарбек, 9 сыныптан Исабек Ерназ, Нәдірбай Гүлбақыт, Сапаралиев Дулат, 10 сыныптан Алдаберген Диас, Уахап Зауре, Смайыл Аружан, 11 сыныптан Серікбай Нурислам, Мелдехан Елдос,  Бөрібекова Нұрсұлу иеленді.

5.   Оқушылардың Кіші Ғылым Академиясының облыстық сырттай байқауында өлкетану секциясы бойынша ІІІ орынды 10 сынып оқушысы Кокишева Қарашаш иеленсе, ал әдебиет секциясы бойынша ІІІ орынды 9 сынып оқушысы Сапаралиев Дулат иеленді.

6.    «Русский медвежонок – языкознания для всех» байқауында ІІ дәрежелі дипломмен 9 сынып оқушылары Мергенбаева Сапаркүл және Жарылқасынқызы Арзу, 8 сынып оқушысы Бекмурат Асылбек, 11 сынып оқушысы Таштан Әсел иеленді, ал ІІІ орынды 9 сынып оқушысы Талипов Бексултан, 8 сынып оқушылары Жораханова Әсел, Мамыр Ақперне иеленді.

7.   Аудандық балалар кітапханасында өткен Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай ұйымдастырылған «Біз Жеңісті жырлаймыз» атты аудандық жыр байқауында белсенді шығармашылық танытқаны үшін 8 сынып оқушысы Исабек Бақтыбек ІІІ орынды иеленсе, ал Еділ Орынбасар алғыс хат иегері атанды.

8. Облыстық «Самұрық» математикалық зияткерлік сайысында І орынды иеленгені  үшін 10 сынып оқушысы Алдаберген Диас төсбелгі иегері атанды, ал мұғалімі математика пәні мұғалімі Утагенова Саодат алғыс хатпен марапатталды. Ал ІІ орынды 8 сынып оқушысы Пернебай Ақерке, 9 сынып оқушысы Сайдуллаева Мадина, 10 сынып оқушысы Садуақасова Асылай  иеленді. ІІІ орынды 9 сынып оқушысы Қадыр Қаршыға, Ералхан Жансауле, Жақып Айшуақ, 10 сынып оқушысы Қалдыбай Нұралы, 11 сынып оқушысы Қалмырзаев Нұрпейіс иеленді.

9. Ауданның білім беру саласы қызметкерлерінің «Жаңа білім беру бағдарламалары, инновациялық және құзіреттілік тәсіл- табысты мектепке қадам» тақырыбындағы тамыз кеңесінде құнды баяндама оқығаны үшін информатика пәні мұғалімі Баратов Өміржан алғыс хатпен марапатталды.

10.  Республикалық «Үздік авторлық бағдарлама — 2014» конкурсында орыс тілі пәні мұғалімі Ташмуратова Улбосын “Үздік элективті курс бағдарламасы” номинациясы  иегері атанды.  

11. Облыстағы «Дарын» және қосалқы  мектеп-интернаттары мен балалар үйлері мұғалімдері арасындағы өнерлі ұстаз-2014» байқауында жоғары шығармашылық бастамалары, сан қырлы өнері және кәсіби шеберлігімен танылған жүлдегер ұстаз Үсенбаева Салтанат бас жүлде жеңімпазы атанды.

12. Алматы қаласындағы Сулеймен Димериел университеті базасында 2015 жылдың 16-18 тамыз күндері аралығында «Жаңа білім беру бағдарламалары, инновациялық және құзіреттілік тәсіл- табысты мектепке қадам» тақырыбында өткен Мамандандырылған білім беру ұйымдары қызметкерлерінің тамыз кеңесінде физика пәні мұғалімі Сатыбалдиева Эльмира  құнды баяндама жасады.

13. Алматы қаласында өткен халықаралық «Информатиканы оқытудағы жаңа жетістіктерге, жету оқушыларды олимпиядаға дайындау» тақырыбында өткен оқу семинарда информатика пән мұғалімі Баратов Өміржан  халықаралық сертифакат иегері атанды.

2 thoughts on “Түркістан облысы Қазығұрт ауданы Мамандандырылған «Дарын» мектеп-интернатының директоры Кұрбанбаева Клара Тілеуқызы

  • 4 февраля, 2021 в 11:24 дп
    Permalink

    Сәлеметсіз бе Клара ханым! 2021 жылы 7 сынытарға қабылдау қай кезде болады?

    Ответ
    • 6 февраля, 2021 в 5:52 дп
      Permalink

      Қабылдау мерзімі 2021 жылдың 1 наурыз айынан 1 сәуір айына дейын

      Ответ

Добавить комментарий для Бахыт Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *