ҰБТ бойынша

2014-2015 оқу жылында мектеп бітірушілер саны-42 оқушы,

7 оқушы «Алтын белгі» иегері 3 оқушы үздік аттестат иегері. Соңғы тест нәтижесі бойынша орташа балы -102,3 балды құрады. Оның ішінде 35 оқушы грант иегері атанды. Ол дегеніміз 86 % ды құрайды.

Дана Абай: «Адамдықтың басты қасиеті-өнер, білімге ұмтылу;»

Адам баласынан адам баласы ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселерден озады. Қашан бала ғылым білімді, махаббатпен қараса сонда ғана оның аты-  Адам болады.

Тәуелсіз елімзді өркениетті  әлемге танытатын, дамыған елдер қатарында терезесін тең ететін күш- білім және білімді ұрпақ. Сондықтанда елбасымыз Н. Назарбаев өзінің 2014 жылғы 11 қарашадағы «Нұрлы жол- болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына жолдауында білім саласына айырықша көңіл бөліп, еліміздің жарқын болашағы біліктіде парасатты жастардың қолында екенін назардан тыс қалдырған жоқ. Біздің мектепте

Бүгінгі әлемнің жылдам өзгерісіне ілесу үшін ең басты маңызды мәселені білу керек

  1. ХХІ ғасырда нені оқыту керек?
  2. Мұғалімдер оқушыларды ХХІ ғасырда өмір сұруге қалай дайындайды?

Бұл сұрақтың жауабы мектепте білім беру мен мектепшілік бақылауды ұйымдастырудың басқару моделін құрдық.

Біз осы бағытта әлемдегі дамыған мемлекеттердің бірі Сенгапур тәжірбиесіне сүйене отырып. директор жұмысының циколдық модулін жасадық

Мектеп нәтежелерін жақсарту үшін Иганның жеті тәжірбелік аспектосын басшылыққа алдым 

Мектептегі мұғалімнің зерттеуі және оқушының нәтежелерін бақылау үшін кәсіби білім алуға қатысты Тимперли модулі басшылыққа алынды.

Жоғарыдағы түйінді модулдерді қолдансақ нәтижесінде

  1. Оқу жетістігім жақсарады
  2. Көздеген мақсатымызға жетемізяғни
  3. Күтілетін нәтиже алынады

Бұл нәтижелерді

  1. Мониторинг
  2. Білім тексеру сынақтары (БТС)
  3. Оқушылар мен мұғалімдердің ой толғаулары 
  4. Пән олимпиядасы
  5. Ғылыми жоба байқауларының көрсеткіштерінен көруге болады.

      Қазіргі уақытта денгейлік курстан 18 мұғалім өтіп сертефикаттарын алды. Яғни 40 пайыз ұстаздар деңгейлік курстан өтіп келді. Алдағы уақытта мектеп бойынша құрылған «Қоғамдастық» жұмыстары іске асырылатын болады. І-ІІ денгейде бітірген мұғалімдерге «Тәлім алушылар» бекітілді.

        Ал ІІІ денгейдегі мұғалімдер сыныптағы іс әрекеттерді зерттейді. Мектеп бойынша құрылған үш білім беру топтары өзгерістің мақсатын түсіну үшін өз жұмыстарын басқаруда СИНЕК-тің конустік метафорасын қолданады.