2020 оқу жылындағы атқарылған жұмыстар мәліметі

Мұғалімдер жетістігі

«Заманауи мұғалімнің жетістігі» облыстық байқауында жүлделі  ІІІ орынды қазақ тілі пәні мұғалімі Абилова Мария иеленді.Облыс мұғалімдері арасында өткен «Өнерлі ұстаз — 2019» облыстық байқауында жоғары шығармашылық бастамалары, сан қырлы өнері және кәсіби шеберлігімен  тарих пәні мұғалімі  Шалқаров Мұрат ІІІ дәрежелі  диплом иегері  атанды.  Алматы қаласында математика, физика  және информатика пәндері мұғалімдерңін  Халықаралық шығармашылық олимпиадасында  ұстаздарымыз Тулебаев Мейіржан, Урунбеков Талғат, Барат Азамат  қатысып  3 дәрежелі дипломмен  марапатталды. Қазақстан Республикасының Білім Министрінің алғыс хатымен математика пәні мұғалімі Утегенова Саодат, география пәні мұғалімі Аманқұлов Болат, тарих пәнінің  мұғалімі Дауылбаева Жанат  алғыс хаттармен марапатталды. Жақсы іс пен игі тірліктің бас қасынан көрінетін ұстаздарымыз ел болашағы үшін жемісті еңбек ететініне сеніміміз мол.

Бүгінгі үздік оқушы

Ертеңгі жол бастаушы

Мектеп-әр балаға сапалы білім мен саналы тәрбиені қалыптастыратын, оған бағыт-бағдар беретін оқу ордасы. Мұғалімнің еңбегінің жемісі өз оқушылары арқылы көрінері рас. «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» деп Абай ақын айтқандай  ұстазға артылар жүк те ауқымды. Бүгінгі ұстаз- дәріс беруші, тәрбиелеуші әр қоғамдық істерді атқарушы.. Оқушыларымыз республикалық, облыстық пәндер олимпиадасында олжалы оралды. Атап айтсақ  президенттік  олимпиадасында Ахибова Айнур 1 дәрежелі дипломмен марапатталды және Ордабай Абдірахмет жас биолог номинациясын иеленді(математика пәні мұғалімі  Усенбаева Салтанат, химия  пәні мұғалімі  Имадуллаев Олжас, физика пәні мұғалімі  Сатыбалдиева Эльмира, биология  пәні мұғалімі  Оралова Майра) Облыстық пәндер олимпиадасында Ордабай Абдірахмет химия пәнінен 2 дәрежелі дипломмен және «КБТУ» оқу орнына 100% грант иеленді және республикалық пәндер олимпиадасына жолдама алды , Мырза Досымжан 3 дәрежелі дипломен , Сайлау Асем «Жас химик» номинациясын  иеленді  ( пәні мүғалімі Имадуллаев Олжас), математика пәнінен Жунисбекова Шұғыла  2 дәрежелі дипломмен (пән мұғалімі Тулебаев Мейіржан), қазақ тілі пәнінен Сағат Айкөркем 3 дәрежелі дипломмен (пән мұғалімі Оразымбетова Гулжазира), физика пәнінен Аким Нұрсұлтан 3 дәрежелі дипломмен (пән мұғалімі Уринбеков Талғат), ағылшын тілі пәнінен Тастанбек Назерке «Жас лингвист» номинациясын жеңіп алды (пән мұғалімі Темірбекова Мадина).

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *