
Құрметті қонақтар, мамандандырылған «Дарын» мектеп-интернатының ресми сайтына қош келдіңіздер !
Қазіргі таңда білім беруді жаңғырту заманның талабы болып отыр. Осыған орай, жаңа технологиялармен оқыту қолға алынуда. Оны мамандарды қайта оқыту, интерактивті білім беру, түрлі технологиялық тәсілдер арқылы біліктіліктерін арттыру сияқты атқарылып жатқан жұмыстардан көруге болады. Осы бағытта өз ұжымының біліктілігінен бөлек облыстық, республикалық деңгейде ұстаздар біліктілігін арттыруға ат салысып жүрген ұжымның атқарған жұмыстарын көріп көңіл марқаяды. Бұл Қазығұрт ауданы мамандандырылған «Дарын» мектеп- интернаты. Ұжымымыз атаулы мектеп-интернаттың білікті мамандары жайында біліп қайтты. Ол жөнінде сұхбат барысында таныса аласыздар.
Клара Тілеуқызы, Қазығұрт ауданы мамандандырылған «Дарын» мектеп-интернатының ашылу тарихы мен негізгі жұмыс бағытына тоқталсаңыз.
«Дарын» мектеп-интернаты Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 24 мамырдағы «Дарынды балаларға арналған мектептерді мемлекеттік қолдау және дамыту» туралы өкіміне және Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2001 жылғы 26 желтоқсандағы №251 қаулысына сай бүлдіршіндер қуанышына беріліп, жаңадан ашылды. Өздеріңіз көріп тұрғандай, мектеп- интернатына арнайы 2 ғимарат бой көтерген. Бұдан бөлек, 70 орындық асхана, 90 орындық жатақханасы бар. Арнайы муль- тимедиа, физика, химия, биология, компьютер, қашықтықтан оқыту кабинеттері, қажетті құрал-жабдықтар мен техникалық қондырғылар қолданысқа берілді. Компьютер кабинетінде спутникті байланыс телеарнасы арқылы арнайы бағдарлама бойынша қашықтықтан оқыту жүйесі жұмыс істейді. Ұжымда барлығы 42 мұғалім және 11 тәрбиеші қызмет атқарады. Оның 30-ы жоғары санатты, 10-ы I санатты, 2-і II санатты. Мектебімізде Ж.Сейдалы, Г.Абишева, Б.Амантаева, Е.Нұрақов, Б.Аманқұлов, Ж.Ержанов, Р.Бижанова, М.Бекпулатова, Г.Жүнісова, Г.Жамалбекова, Г.Оразымбетова, Ж.Дауылбаева, А.Жуманова, М.Темірбекова, Н.Тұрдалиева сияқты тәжірибелері мол, білім саласында біршама жыл еңбек етіп жүрген ұстаздар қызмет етуде. Өткен оқу жылында біздің мектеп-интернатымыздың тарихына аса маңызды жетістікке қол жеткіздік десем, артық айтқандық емес. Олай дейтінім, ҚР Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 30 желтоқсанында бекітілген Оңтүстік Қазақстан облысы Білім басқармасының «Қазығұрт ауданы мамандандырылған «Дарын» мектеп-интернаты» 2016 жылдың «Үздік мектебі» номинациясының иегері атанды. Осыған орай, Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Ж.Түймебаев өз қолымен диплом және статуэтканы табыстады. Ұжыммен бірлесе барлығымыз білім саласына қосып жатқан үлесіміздің сәл де болса да өз нәтижесін көрсеткеніне дән риза болып, шынайы түрде бір- бірімізді құттықтадық.

Ендеше, алдымен, білім беріп жүрген ұстаздардың жетістіктеріне кеңірек тоқталсақ.
Мектеп ұжымы бастапқы білім беру үрдісінен-ақ жұмыс өз нәтижесін беріп келеді. Физика пәні мұғалімі Нарботаева Балжан мұғалімдердің облыстық пән олимпиадасына қатысып, алғыс хат иегері атанды.
Республикалық мұғалімдердің тамыз «Жаңа білім беру бағдарламалары, инновациялық және құзыреттілік тәсіл- табысты мектепке қадам» тақырыбындағы конференциясында физика пәні мұғалімі Сатыбалдиева Эльмира «Физика пәнін оқытудағы пәнаралық байланыстың маңыздылығы» тақырыбында баяндамасы жүлделі орынды иеленіп, РҒПО –ның мамандандырылған білім беру ұйымдары қызметкерлерінің материалдар жинағына енді.
Алматы қаласында өткен «Ең үздік авторлық бағдарлама» конкурсында физика пәні мұғалімдері Сатыбалдиева Эльмира және Нарботаева Балжан, қазақ тілі пәні мұғалімі Оразымбетова Гүлжазира мамандандырылған білім беру ұйымдары арасында өз жұмыстарын сәтті қорғап шықты.
Облыстық «Үштілділік білім беру аясында» тақырыбы бойынша өткізілген семинарда ағылшын тілі пәні мұғалімі Темірбекова Мадина мен физика пәні мұғалімі Сатыбалдиева Эльмира үздік баяндама оқығандары үшін марапатталып қайтты.
«Біз бейбітшілік үшін» қашықтықтан өткізілген интернет- байқауында «Музыкалық байқау» номинациясының жүлдегері «Дарын» би тобы І дәрежелі дипломмен марапатталды. Жетекшісі Дауылбаева Жанат алғыс хат иегері атанса, ІІІ дәрежелі дипломмен «Сурет» номинациясының жүлдегері Әріпбай Ақнұр атанды. Сонымен қатар оқушыларын жоғары дәрежеде дайындағаны үшін Омаров Орал және музыка жетекшісі Сейденалиев Нұрлыбек марапатталды.
Сондай- ақ, география пәнінің мұғалімі Аманқұлов Болат «География сабағында оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту» тақырыбында республикалық авторлық бағдарлама конкурсында ІІ орын иегері атанып, аудан көлемінде іс-тәжірибесі таратылды.
«Ұстаздан шәкірт озар» демекші, шәкірттердің жетістіктері жайында әңгімелеп берсеңіз.
Жалпы орта білім беретін мектеп оқушылары арасында өткен Президенттік олимпиаданың өңірлік кезеңінде 11 сынып оқушысы Таушабай Ердос ІІІ орынды иеленді
Жаратылыстану –математикалық бағыттағы пәндерден (математика, физика, химия, биология) Президенттік олимпиадаға қатысқаны үшін Жылқыбай Сакен сертификатпен қайтты.
2016 жылдың 10-11 қарашасында «Әлемді өзгертетін идеялар» семинар-тренингіне қатысып, «Елбасының бес институционалдық реформасы» тақырыбы бойынша 10 сынып оқушысы Ералхан Жансауле және 9 сынып оқушысы Сайранбай Бейбіт оқу курсын өткеріп, сертификатпен оралды.
2016 жылдың «ЭКСПО -2017 мен біргеміз» атты 14 ауысым бағдарламасы барысында ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай ұйымдастырылған «Балалардан балаларға» әлеуметтік бейнеролик байқауына белсенді қатысып, ІІ орын алғаны үшін 7 отряд мүшесі Тұрсынқұлова Айгерім марапатталды.
Жалпы орта білім беретін білім мекемелерінің оқушылары арасындағы республикалық лингвистикалық олимпиаданың облыстық кезеңінде ІІ дәрежелі дипломмен 10 сынып оқушысы Мергенбаева Сапаркүл және 11 сынып оқушысы Қалдыбай Нұралы иеленсе, ІІІ дәрежелі дипломмен 10 сынып оқушысы Ақыл Алтынай иеленді.
9-10 желтоқсан 2016 жылы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Биология, медицина және фармацияның даму болашағы» атты жас ғылымдар мен студенттердің ІV халықаралық ғылыми конференциясында өз жобасын қорғап, белсенділік танытқаны үшін 10 сынып оқушысы Жақып Айшуақ мадақтамамен және сертификатпен оралды.
Облыс оқушыларының 2016-2017 оқу жылындағы жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиадасының үшінші кезеңінде химия пәні бойынша үздік білімімен танылған 11 сынып оқушысы Туленова Сабина ІІІ дәрежелі дипломмен, биология пәнінен Аббас Азамат, математика пәнінен Жылқыбай Сакен, география пәнінен Таушабай Ердос марапатталса, 9 сынып оқушысы Өсер Бекзат информатика пәнінен ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.
Оқушылардың Кіші Ғылым Академиясының облыстық сырттай байқауына 10 сынып оқушысы Тағай Оразкүл тарих секциясы бойынша қатысып, жүлделі ІІІ дәрежелі диплом иегері атанды.
Мемлекеттік педагогикалық институтының физика-математикалық кафедрасымен бірлесіп өткізілген облыстық математика пәні бойынша олимпиадада І дәрежелі дипломмен 11 сынып оқушысы Таушабай Ердос, ал ІІІ дәрежелі дипломмен 10 сынып оқушысы Сайдуллаева Мадина
марапатталды.
2017-2018 оқу жылындағы атқарылған жұмыстар нәтижесі
2017 жылғы 25 қыркүйек күні өткен мектеп оқушыларына арналған облыстық «Енші» телевизиялық зияткерлік сайысында бас жүлдені жеңіп алған 11 сынып оқушысы Ералхан Жансауле, 10 сынып оқушысы Сары Ажар республикалық «Енші» сайысына жолдама алды.
2017 жылғы 27-28 қыркүйек күндері аралығында жаратылыстану –математика циклы пәндері бойынша қатысқан Президенттік олимпиаданың өңірлік кезеңінде І орынды 11 сынып оқушысы Құдайберген Нұрлыхан иеленсе, ІІ орынды 11 сынып оқушысы Сайдуллаева Мадина иеленді.
Президенттік олимпиаданың жеңімпазы Сайдуллаева Мадина Теміртау қаласында өткен Республикалық Президенттік олимпиадаға қатысып сертификатпен оралды.
Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын насихаттау аясында Оңтүстік Жастар орталығы ұйымдастырған «Ұлттық құндылық –ұлт болмысы» жастар байқауына 10 сынып оқушысы Өмір Айдана қатысып, алғыс хатпен және заттай сыйлықпен марапатталды.

Сондай-ақ, «Алтын ұрпақ – 2015» зияткерлік олимпиадасында, «Ақбота» марафонында, «Britishbulldog» байқауында, «Русский медвежонок» халықаралық байқауында, «Бәйтерек» зияткерлік сайысында жүлделі орын иегері атанды. Осы жылдың 24-25 қазан күндері Алматы қаласында «Бейбітшілік әлемі» (Планета мира – World of Peace) Халықаралық Қазақ творчестволық бірлестігінің ұйымдастыруымен Алматы қаласында өткен Қазақ Хандығының 550 жылдығы, Қазақстан Халқы Ассамблеясының 20 жылдығы, Ш.Уәлихановтың 180 жылдығы, А.Құнанбаевтың 170 жылдығы, М.Шоқайдың 125 жылдығы құрметіне арналған «Ғылым және өмір» атты ғылыми-теориялық конференциясына, жалпы білім беретін мектептердің 7-11 сынып оқушыларының «Жарқын болашақ» VІІ республикалық КАТЕV қазақ тілі олимпиадасының облыстық кезеңіне, «Тілші әдебиетшілер» конкурсына қатысып жүлделі орын иегері атанды. 2016-2017 оқу жылындағы ҰБТ көрсеткіші бойынша орта балл 112,9 баллды құрады. 48 мектеп бітіруші түлектеріміздің 44-і мемлекеттік грантты жеңіп алды, ол дегеніміз білім көрсеткішінің 92 пайызын құрайды. 12-оқушы «Алтын белгі» иегері атанды. 10-оқушы «Үздік» аттестатпен аяқтады. Бұл ұстаздарымыздың жұмыстарының жемісі деп білемін. Сонымен қатар, өткен оқу жылында «Үздік мектеп» номинациясының иегері атанды.
Жақында осы білім ошағында үлкен іс-шара өткізілді.
Өткізілген семинар жайында айтып өтсеңіз.
Иә, біздің мектеп-интернатта қараша айының 30 жұлдызында үлкен шара «Ауыл мектебі жағдайында дарынды балалармен жұмыс жүргізу жүйесі» атты республикалық ғылыми-әдістемелік семинар өткізілді. Атаулы шара Елбасымыздың «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында және Тұңғыш Президент күніне орай «ДРҒПО» жоспарына сәйкес Қазығұрт ауданы мамандандырылған «Дарын» мектеп-интернатының үздік іс- тәжірибесін республикаға тарату мақсатында ұйымдастырылды. Семинардың мақсаты – ауыл мектеп жағдайында интеллектуалдық дарындылықты дамыту және анықтау үшін шығармашыл орта құру. Семинар барысында ұжымымыздың ұстаздары біліктілігімен, шеберлігімен бөлісті. Әртүрлі әдіс-тәсілдерді қолданып, директордың оқу ісі және ғылыми істері жөніндегі орынбасарлары Сейдалы Жаңыл және Абишева Гүлдар «Жаңалыққа бастаған жаңартылған бағдарлама заман талабы» шеберлік сабағын, қазақ тілі пәнінің мұғалімі – Жамалбекова Гүлзат «Латын әліпбиіне көшу-рухани жаңғырудың бір тармағы» тақырыбында конференция сабағын, физика пәнінің мұғалімі – Урунбеков Талғат және математика пәні мұғалімі – Барат Азамат «LEGO EV3 роботының бөлшектері мен бағдарламасы» тақырыбында шеберлік сабағын, қазақ тілі пәні мұғалімі – Оразымбетова Гүлжазира, ағылшын тілі пәні мұғалімі – Темирбекова Мадина «Үш тілді білу-заман талабы» тақырыбында коучинг сессия, жеті модуль технологиясымен, ағылшын пәні мұғалімі — Ержанов Жаббарберген және физика пәні мұғалімі – Нарботаева Балжан «Water as a Natural Resourse. Тербелістер мен толқындар» тақырыбында блум таксономиясы, жеті модуль технологиясын қолдана отырып, кіріктірілген сабағын, өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі – Мұханова Айжан «Отбасы – өмір аясы. Адам, қоғам-өзін-өзі тану» блум таксономиясы, жеті модуль технологиясы арқылы кіріктірілген сабағын, математика пәнінің мұғалімі – Утеганова Саодат «Көпжақтардың шаршы ком- бинациясына есептер» атты тақырыпта блум таксономиясы, жеті модуль технологиясын қолдана отырып ашық сабақтар өткізді. «Ел болам десең, бесігіңді түзе» деген М.Әуезов. Әр тұлға өз жері мен оның байлығының иесі болу үшін жаңа технологияны игеріп, Елбасымыздың тапсырмаларына сәйкес Отанға қызмет еткен жағдайда ғана тәуелсіздігіміз мәңгі болмақ.