Қазіргі таңда білім беруді жаңғырту заманның талабы болып отыр. Осыған орай, жаңа технологиялармен оқыту қолға алынуда. Оны мамандарды қайта оқыту, интерактивті білім беру, түрлі технологиялық тәсілдер арқылы біліктіліктерін арттыру сияқты атқарылып жатқан жұмыстардан көруге болады. Осы бағытта өз ұжымының біліктілігінен бөлек облыстық, республикалық деңгейде ұстаздар біліктілігін арттыруға ат салысып жүрген ұжымның атқарған жұмыстарын көріп көңіл марқаяды. Бұл Қазығұрт ауданы мамандандырылған «Дарын» мектеп- интернаты. Ұжымымыз атаулы мектеп-интернаттың білікті мамандары жайында біліп қайтты. Ол жөнінде сұхбат барысында таныса аласыздар.
Құрметпен, Түркістан облысы,Қазығұрт ауданы
мамандандырылған «Дарын» мектеп-интернатының директоры
ҚҰРБАНБАЕВА КЛАРА ТІЛЕУҚЫЗЫ